Мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды және түзеу мекемесіне жіберілді

Мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды және түзеу мекемесіне жіберілді

Жетісу облысының прокуратурасы көрсетілім сот процестерінің профилактикалық маңыздылығына ерекше көңіл бөлуде. 

Алакөл ауданында прокуратура жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін қозғалған қылмыстық іс бойынша осындай процесті ұйымдастырды.

Бұған дейін 10 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған аудан тұрғыны мас күйінде тағы да көлік руліне отырды.


Сот үкімімен, аудан тұрғындарының қатысуымен, кінәлі 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.