Жуалы ауданында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш тақта ашылды

Жуалы ауданында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш тақта ашылды

2025 жылғы 25 сәуірде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Жуалы ауданы прокуратурасының ғимаратында ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Шараға Бас прокурор Берік Асылов, танымал жазушы және қоғам қайраткері, Б. Момышұлының келіні - Зейнеп Ахметова, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Бұл оқиға өткенді сақтау және Батырымыздың ел тарихындағы рөлін атап өтудегі маңызды үлес болды.

Бауыржан Момышұлы 1931-1932 жылдары Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет атқарғанын атап өткен жөн.

Бұл факт оның көп қырлылығын және тек әскери жетекші ретінде ғана емес, заңдылық пен әділеттіліктің қорғаушысы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.

Сондай-ақ прокуратура ғимаратында ұлы қолбасшының өмірі мен қызметіне арналған «Тәртіпсіз ер болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» атты бұрыш ашылды.

Экспозиция келушілерді батырдың өмірбаянындағы маңызды сәттермен, оның майдан мен тылдағы ерліктерімен таныстырады, сондай-ақ оның философиясы мен өмірлік принциптерін көрсетеді.

Ғимараттың жанындағы аумақта өмірдің жалғасы мен ұрпақтар сабақтастығын символы ретінде ағаш көшеттері отырғызылды.

Бұл оқиға бізге батырларды есте сақтап, олардың ерліктерін ел үшін қадірлеуіміз керек екенін тағы да еске салды.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

 

#ЗаңменТәртіп