Жамбыл облысы прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігіне баға берілді.
Басым көпшілігі интернет-алаяқтықтар құраған қылмыстылықтың аймақта 21%-ға (1150-ден 1392-ге) өсуіне себеп болған мәселелер талқыланды.
Өсудің негізгі себебі ретінде құқық қорғау органдарымен интернет-алаяқтықты белсенді түрде анықтау болып табылады, олардың саны 38-ден 249-ға дейін өскен.
Өз кезегінде, «Cyberpol» мекемеаралық жұмыс тобымен бірнеше жылдар бойы 150 жәбірленушіге қатысты 110 эпизодтық интернет-алаяқтық жасаған 8 тұлға анықталып, ұсталды.
Ұялы байланыс операторларымен жасалған меморандум аясында алаяқтарға қашықтықтан байланысуға мүмкіндік беретін 2 «SIM-бокс» құрылғысы анықталды.
«CyberShekteuTaraz» телеграм-боты арқылы күмәнді сілтемелерді (350 сілтеме) анықтау жұмысын автоматтандыру және заманауи ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы «CyberPol» тобының жұмысын күшейту бойынша қабылданған шаралар алаяқтардың әрекеттерін бастапқы сатыда жолын кесуге мүмкіндік берді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде банктермен 114 жәбірленушінің 137 млн теңгеге берешектерін өндіру тоқтатылды және дропперлерден 8,8 млн теңгені ақшалай қаражатты өндіру туралы талап-арыздар қанағаттандырылды.
Ұлттық банктің «Antifrod-Center» өзара әрекеттестік нәтижесінде 31 млн теңгені құрайтын 56 есепшот бұғатталды.
Сонымен қатар қаржылай нарық субъектілеріне талаптар күшейтілді.
Атап айтқанда, банк және микроқаржылық ұйым қызметкерлеріне қатысты несие рәсімдеу кезінде салғырттық таныту фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Бұдан бөлек, қылмыстылықтың өсуі қылмыстарды тіркеуге қойылатын талаптарды қатаңдатумен және әкімшілік құқық бұзушылықтардың қылмыстық нормалар қатарына өтуін қамтамасыз еткен отбасы-тұрмыстық салада жаңа заңнамалық бастамалармен байланысты, аталған өзгерістер осы санаттағы қылмыстардың 9 есе өсуіне себеп болды (7-ден 67-ге дейн).
Облыс орталығы мен оның аудандарында қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған қосымша шаралар тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіз орта құру арқылы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін - облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өтті.
Аймақтағы қылмыстылыққа терең талдау жүргізумен Тараз қаласы, сондай-ақ Талас, Меркі, Шу және Сарысу аудандарында құқық бұзушылық жиі орын алатын және ерекше назар аударуды талап ететін 17 аумақтың тізімі жасалды.
Қауіпсіздік деңгейін көтеру және азаматтарды қорғау мақсатында аталған аумақтар ерекше бақылауға алынды.
Полиция органдарынан, уәкілетті және құқық қорғау құрылымдарынан кемшіліктерді жою, алдын алу шараларының нәтижелері мен тиімділігін арттыру талап етілді.
Қабылданған прокурорлық қадағалау актілері құқық бұзушылықтың себептері мен салдарын, заңдылықты бұзушылықты жоюға, сондай-ақ жекелеген полиция құрылымдарының және уәкілетті органдардың басшыларын қатаң жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Негізгі секторларда құқық қорғау органдарының жұмысын едәуір күшейту қылмыс деңгейінің төмендеуіне - жұмыс тиімділігінің маңызды индикаторына әсер етеді.
Шараларды іске асыру барлық уәкілетті органдардың қызметкерлерін қамтитын мекемеаралық топтарымен жүргізіледі.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылық деңгейі жоғары жекелеген шағын аудандардың тұрақты мониторингі рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу маршруттарын жедел түрде қайта қарауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Нұрғалым Әбдіров қоғамдық орындарда жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтар мен бұзақылық фактілерінің азаймағанын, олардың көпшілігі алкогольді масаң күйде жасалатынын да ескерді.
Осылайша, масаң күйде жасалған қылмыстар саны 62,8%-ға (86-дан 140-қа дейін) өсті.
Полиция органдары әкімшілік сипаттағы алдын алу шараларын тиімді қолдануға және жұмыстағы формализмді жоюға бағытталды.
Криминогенді жағдайды жақсарту мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және супермаркеттер желілері иелерімен бірлесіп, тәуліктің тыйым салынған уақытында «бар» ретінде алкоголь өнімдерін сатуды тоқтату туралы меморандум жасалды.
Сонымен қатар бірқатар кәсіпкерлер прокурорлардың жұмысын түн ортасына дейін ғана жүргізу туралы бастамасын қолдады.
Жұртшылық пен ақсақалдарды тартудың арқасында облыстың 32 ауылында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартуға қол жеткізілді және бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қабылданып жатқан шараларды қолдап, қауіпсіз орта құру үшін барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.
Үйлестіру кеңесі әзірлеген шаралар құқық қорғау және уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді және заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне оң әсерін тигізеді.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп #Заңүстемдігі