Жамбыл облысының табиғат қорғау прокурорлары ірі балық шаруашылығы субъектілерінің құқықтарын қорғады

Жамбыл облысының табиғат қорғау прокурорлары ірі балық шаруашылығы субъектілерінің құқықтарын қорғады

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарының балық шаруашылығы комитеті мен Балқаш-Алакөл аралық бассейн инспекциясының қызметінде бұзылғаны анықталды.

Бұған дейін қабылданған міндеттемелерді орындауына қарамастан, «Рыбпром» ЖШС және «Мыңарал компания» ЖШС-нің Балқаш көлінің үш балық шаруашылық учаскесін қайта бекіту жөніндегі өтінімдері 2024 жылдың наурыз және мамыр айларында уақытында қаралмағаны белгілі болды.

 Кәсіпкерлердің өтініштерін қарамау компаниялардың қалыпты жұмыс істеуіне елеулі кедергілер туғызды.

Аталған учаскелер бойынша республикалық балық шаруашылықтары ассоциациясымен 360 тоннадан астам балық квотасы бөлінген, бұл облыс бойынша шамамен 25%-ды құрайды.

Ведомстволық Қағидаларға сәйкес өтінімдер он жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс, алайда тек прокуратура актісі бойынша Комитеттің 2025 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен жоғарыда аталған субъектілерге Балқаш көлінің үш учаскесін қайта бекіту туралы шешім қабылданды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

#ЗаңменТәртіп