Жамбыл облысының прокурорлары 486 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады

Жамбыл облысының прокурорлары 486 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына байланысты Жамбыл облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуде.

Жамбыл ауданының прокуратурасы 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында орталық аудандық аурухананың 700 қызметкерінің 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағанын анықтады. 

Осы тектес бұзушылықтарды Байзақ ауданының прокуратурасы «Байзақ су» ШЖҚ КМК мекемесінде анықтады, онда 2024 жылы 5 млн теңге сомасына 141 қызметкерге зейнетақы төлемдері жүргізілмеген.

Сондай-ақ, Байзақ ауданының 5 мемлекеттік мекемесінде және 81 кәсіпкерлік субъектісінде 227 қызметкердің құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды, сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп