
Жамбыл ауданы прокуратурасы жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік субъектісін террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне негізсіз енгізу фактісін анықтады.
Бұл бақылаушы органдар тарапынан тексерулер жүргізуге негіз болған.
Аудан прокуратурасы «Мақтарал» қоғамдық тамақтану орталығы өзінің техникалық сипаттамалары бойынша жоғарыда аталған объектілердің қатарына жатпайтынын анықтады.
Алайда, осыған қарамастан аудандық полиция бөлімі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесімен ӘҚБтК-нің 149-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Аталған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК немесе 738 400 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.
Прокурорлық қадағалау актісімен тексеру тағайындау туралы қаулы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің 14.01.2025 жылғы қаулысымен кәсіпкерлік субъектісі террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесінен алынды.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗАҢменТӘРТІП