Жамбыл облысында жас жұмысшы мамандар құқығын қорғау жобасы басталды

Жамбыл облысында жас жұмысшы мамандар құқығын қорғау жобасы басталды

Ағымдағы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы аясында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров өңірдің ірі кәсіпорындарының, университеттерінің, колледждерінің басшылығымен кездесіп, онда техникалық білімі бар жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша 2024 жылы қала колледждерінің 1629 студенті техникалық білім алып, оның 793 немесе 48% ғана мамандықтары бойынша жұмыс таба алған.

Сонымен қатар, инженерия, құрылыс және өндіріс сияқты кейбір салаларда білікті мамандарға сұраныс жоғары.

Бұдан басқа, «Мансап орталығы» еңбек мобильді орталығында жарияланған техникалық мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары көп жағдайда түлектердің даярлығына сәйкес келмейтіні анықталды.

Бұл жастар арасында жұмыссыздыққа жағдай жасап, ол өз кезегінде қылмыстық ахуалға әсер етеді.   

Мысалы, 2024 жылы мүлікке қарсы қылмыстардың едәуір бөлігі 17 мен 23 жас аралығындағы адамдармен жасалған.

Ерекше алаңдаушылық тудыратыны, 53 қылмыстың колледждердің жұмыссыз түлектерімен жасалуы.

Осыған орай, Тараз қаласының прокуратурасы жас техникалық мамандардың құқықтарын қорғау жобасын іске қосты.

Жоба аясында түлектерді мамандықтарына сәйкес ірі өндірістік кәсіпорындарға жіберу тәжірибесі қалыптасқан.

Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, көптеген жұмыс берушілер жұмысшылармен еңбек шартын жасасуға қызығушылық танытпайды.

Бұл жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуына және еңбек жағдайларының қауіпсіздігін елемеуге әкеледі.

Облыс прокуроры бұл мәселені мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы шешуді ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша колледждер мен кәсіпорындар басшылығы арасында түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Меморандум жасасу туралы шешім қабылданды.

 

Жамбылской облысының прокуратурасы

 

#ЗаңменТәртіп