Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

«Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады.

Мәселен, прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен  ұсталып, оған қатысты сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

 

#ЗаңжәнеТәртіп #Әдiлеттiлiк