
Тараз қаласы прокуратурасы «Komekstopbullying» телеграм-боты арқылы «Аяла облыстық балаларды оңалту орталығы» КМҚК-де үш жасөспірімнің екі кәмелетке толмаған балаларға қатысты буллинг фактісін анықтады.
Зардап шеккен балалардың анасы бұған дейін оңалту орталығының әкімшілігіне шара қолдану туралы өтінішпен жүгінгені, бірақ оның өтініші жауапсыз қалғаны белгілі болды.
Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес 25.12.2024 жылы облыс бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті оңалту орталығының бас дәрігеріне ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша (кәмелетке толмағандар немесе кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарламау) әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық фактілерін жасыруға жол бермеуге баса назар аударады және барлық мүдделі тараптарды балаларды қорғау мәселелеріне аса көңіл бөлуге шақырады.
Жамбыл облысының прокуратурасы
#ЗаңменТәртіп