Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жағдайы жөнінде

Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жағдайы жөнінде

Ағымдағы жылдың 24 тамызында облыс прокуроры Н.М.Әбдіровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жағдайы жөнінде алқа мәжілісі өтті.

Онда кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алуға бағытталған полиция мен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған шаралардың, жыныстық сипаттағы қылмыстар бойынша тергеу және сот тәжірбиесінің маңызды тұстары мен жіберліген кемшіліктері туралы айтылды.

Сонымен қатар, соңғы уақыттарда жасөспірімдер арасында топтық төбелестің жиі орын алатыны, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер, қыз балаларының ерте жүктілігі, қараусыз қалған балалардың мәселесі, педагогикалық құрамның білімділігі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың қызметінің тиімділігі, ювеналдық полиция инспекторларының жеткіліксіздігі және тағы басқадай өзекті сұрақтар қаралды.     

Талқылау қорытындысы бойынша облыс прокуроры мен алқа мүшелері қаладағы қараусыз қалған 75 объектілердің иелерін анықтау, олармен тиісті түсіндірме жұмыстарын жасау, осындай жұмысты басқа да аудандарда жүргізуді, комиссиялардың жұмыстарын қайта қарау, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалған қылмыстар бойынша істерді тергеп-тексерудің Алгоритмін жасақтау, мобильдік топтардың жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс-шаралар көруді ұсынды.