
Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар санаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жазаларды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Борышкерлер көбінесе кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемеу мақсатында кірістер мен мүліктерін жасырады.
Осыған ұқсас фактіні Шу ауданының прокуратурасы 11,2 млн теңге сомасында алимент қарызы бар «С» азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында анықтады.
Ол 2015 жылдан бастап «Н» азаматшасымен бұрынғы некеден кәмелетке толмаған үш баланы асырауға алимент төлемеген.
25.07.2024 жылы аудан прокуратурасының АЕК-не тіркелген материалдар бойынша Шу АПБ-мен борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.
Тергеу барысында борышкердің 2018 жылы Шу қаласының Жемчужина массивінен саяжай учаскесін сатып алғаны анықталып, қазіргі жұбайы атына рәсімдеу жүргізген.
Тараптардың қол жеткізген келісімі бойынша жер учаскесі алимент берешегін өтеу есебіне беріліп, қылмыстық іс 25.09.2024 жылы тараптардың татуласуына байланысты өндірістен тоқталды.
Қабылданған шаралар жасырылған мүлікті анықтауға мүмкіндік берді, нәтижесінде алимент бойынша толық қарыз өтелді.
Жамбыл облысының прокуратурасы