
Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасы өңірдің инвесторларымен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.
Осы жұмыс шеңберінде «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» АҚ (бұдан әрі – АЭА) аумағында жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар жер телімдерін тіркеу проблемасына тап болғандығы анықталды.
АЭА әкімшілігі 2017-2018 жылдары жобалардан бас тартқан 6 инвестор жерлерінің мемлекеттік актілерінің ұзақ уақыт бойы күшін жоя алмаған.
АЭА-ның аумағында іске асырылмай жобалардың жалпы көлемі 81,77 га құраған, бұл жаңа және жұмыс істеп тұрған инвесторларға жер телімдерін беру және тіркеу мүмкіндігін бермеген.
Шу аудандық прокуратурасының хатының негізінде жер кадастрын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган осы учаскелердің мемлекеттік актілерінің күшін жойды.
Бұл шаралар АЭА-ға өзінің аумағына толық иелік етуге және инвестиция сомасы 45 млрд теңге құрайтын натрий цианидін өндіретін зауыт салуды жоспарлап отырған «Altynalmas Reagents» ЖШС алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді.
Инвестициялық жобаларды іске асыру прокуратура органдарының бақылауында.
Жамбыл облысының прокуратурасы