Жамбыл облысының прокурорлары арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығын қорғады

Жамбыл облысының прокурорлары арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығын қорғады

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы 185 мүмкіндігі шектеулі адамның және 90 егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдардың құқықтарына нұқсан келтіру фактісін анықтады.

Уәкілетті органның аталған тұлғаларды тасымалдаумен және күтумен айналысатын мердігерді анықтауға байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімін негізсіз созып, бұзғаны анықталды.

Мемлекет белгілеген көмек көрсетпеу ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында созылған, ол негізді наразылық тудырған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды.

Бүгінгі таңда мердігер анықталып, заңнамада көзделген арнайы әлеуметтік көмек көрсетуде.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы