Жамбыл облысының прокурорлары ветеринария саласындағы бұзушылықтарды анықтады

Жамбыл облысының прокурорлары ветеринария саласындағы бұзушылықтарды анықтады

Жамбыл облысының прокуратурасы ветеринария туралы заңнаманың қолдануы сұрақтары бойынша тексерулер жүргізді.

Нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, қауіпті аурулар ошақтарының алдын алу мен жою және вакцинациялаудың бақылаусыз болу сұрақтарында жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Соңғы 3 жылда облыста эпизоотиялық жағдайды жақсартуға 6,8 млрд теңге бөлінгеніне қарамастан, сібір жарасы жағдайы қанағаттанарлықсыз болып қалуда.

Вакцинацияланған жануарлар мен нақты мал басы туралы мәліметтердің сәйкес келмеу фактілері барлық жерде анықталды.

Одан бөлек Шу, Байзақ және Талас аудандарында ауру салдарынан сойылғандары туралы деректер енгізілгеннен кейін жануарларды сату фактілері айқындалды.

1400-ден астам ауыл шаруашылығы жануарларының өлімі туралы мәліметтер болған кезде меншік иелері ветеринариялық инспекцияны хабардар етпегей, тиісінше жануарлардың өлімінің себептері анықталмаған.

Тексеру жануарлардың жаппай сырқаттану фактілері бойынша карантиндік режимді енгізу бойынша шараларды қабылдамау фактілерін анықтады.

Жуалы ауданында бес жүз бас лейкозбен жаппай сырқаттану фактісі бойынша карантиндік шаралар енгізілмеген.

Мал етін тасымалдауда, мал шаруашылығы өнімдерін сою және қайта өңдеу цехтарының қызметіне анықтама беру кезінде көптеген бұзушылықтар ашылды.

Атап айтқанда, Тараз қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын стихиялық саудамен және союмен ұзақ уақыт айналысатын 2 цех анықталды, олар уәкілетті органдардың назарынан тыс қалған.

Күнделікті халық сауда жасайтын Тараз қаласының үш ірі азық-түлік базарында қой еті мен сүт өнімдеріне міндетті зертханалық зерттеулер жүргізбеу фактілері анықталды.

Барлық бұзушылықтар бойынша кінәлі лауазымды адамдардың әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігі шешілді, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қадағалау актісі енгізілді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы