Жамбыл облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды.

Жамбыл облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды.

Облыс прокуроры Н. Әбдіровтің сөздерінен:

 

Облыс прокуроры кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың және балалар қылмыскерлігінің алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, полиция және білім беру органдарының жұмысындағы жүйелі кемшіліктер мен өзара іс-қимылдың жоқтығын атап өтті.

Ағымдағы жылғы 3 айда балалар жасаған қылмыстар 112%-ға, суицидтер 4-ке дейін өсті, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар деңгейі төмендеген жоқ.

Ескі форматта жұмыс істеу тиісті нәтиже бермейді. Құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды құралдарының бірі олардың жасалу себептері мен жағдайларымен жұмыс істеу болып табылады.

 

Облыс прокуроры тұрмысы қолайсыз отбасылармен, полиция органдарында есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы балаларға сапалы әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету қажеттілігін тапсырды.

Полиция департаментіне ҚПК-нің 200-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органы ұсыныстарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның ай сайынғы қарауы арқылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Алқада кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қарсы жасалған қылмыстарды тергеп, құқық бұзушылықтардың алдын алатын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі арнайы топ құру мәселесін қарау ұсынылды.

Сондай-ақ учаскелік және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалау критерийлерін қалыптастыру мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша полиция, білім және әкімдік бөлімшелерінің басшыларын жауапкершілікке тарту бойынша қадағалау актілері енгізілді.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы