Жер қатынастары саласында инвестордың мүдделерін прокурорлық қорғау

Жер қатынастары саласында  инвестордың  мүдделерін прокурорлық қорғау

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

       Жамбыл облысының Қордай ауданында «Korcem» сингапурлық инвестормен цемент зауытын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

       Зауыттың құрылысына қазіргі таңда 30 млрд.теңге инвестиция тартылды және өңірдегі алдыңғы қатарлы зауыттардың бірі.

       Алайда, инвестор бос жер телімінің болмауына байланысты ұзақ уақыт бойы электр қуатына қосылу үшін қосалқы станция құрылысын бастай алмаған.

       Прокуратураның көмегімен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен инвестордың проблемалық мәселесі шешілді.

       Қазіргі уақытта инвестор жаңа жер учаскесінде электр қуатын жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастады.

       Инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері Жамбыл облысы прокуратурасы органдарының бақылауында.

                                                       

Жамбыл облысының прокуратурасы