Жамбыл облысында мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуге жататын 110,2 млн теңге көлеміндегі мүлікті жасырғаны үшін сотталды

Жамбыл облысында мекеменің бұрынғы директоры тәркіленуге жататын 110,2 млн теңге көлеміндегі мүлікті жасырғаны үшін сотталды

Тараз қаласының прокуратурасы талдау жүргізу барысында  мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады.

Бұған дейін Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «ASCO Pro» ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген.

Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-тің 425-бабы (тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататаын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер) бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Тараз қалалық № 2 сотының 07.03.2024 жылғы үкімімен «ASCO Pro» ЖШС-ның бұрынғы басшысы ҚК-тің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы