Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру сұрақтары облыс прокуратурасының жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды

Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру сұрақтары облыс прокуратурасының жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды

Облыс прокуроры Н. Әбдіровтің сөздерінен:

«Тек жәбірленушілермен жұмыс істеу және жазаны қатаңдату проблеманы шешпейді» - Жамбыл облысының прокуроры тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы.

Облыс прокуратурасы Үйлестіру кеңесінің отырысында жұмысқа орналастыру, агрессорлармен және отбасылық бұзақылармен психокоррекциялық жұмыс, уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының желісін кеңейту мәселелерін көтерді.

Сонымен бірге құқық бұзушыны оқшаулау және зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау бойынша жедел шаралар әзірленді.

Отырыс нәтижелері бойынша агрессорларды оқшаулау және зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарын кеңейтуді, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының штатын ұлғайтуды көздейтін бірқатар шешімдер қабылданды.

 «Жамбыл облысының прокуратурасы статистика мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты ауқымының сәйкессіздігін атап өтті».

Облыс прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың тәуекел тобын анықтау рәсімін цифрландыруды ұсынды.

Жобаның мәні «102» нөмірі бойынша полиция органдарына жиі жүгінетін адамдар бойынша өтініштерді автоматтандырылған өңдеу болып табылады.

Қайталанатын өтініштерді уақтылы анықтау зорлық-зомбылық қылмыстарының туындауының алдын алуға және тәуекел тобындағы азаматтардың санатын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ барлық аудандарда тәуекел тобын анықтау және онымен жұмыс істеу айлығын өткізу жоспарланған.

Жамбыл облысының прокуратурасы