Жамбыл облысының прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңестің кезекті отырысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды

Жамбыл облысының прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңестің кезекті отырысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды

Облыс прокуроры Н. Әбдіровтің сөздерінен:

«Ерекше назарды қажет ететін балалар бойынша Бірыңғай деректер базасын құру қажет», – облыс прокуроры атап өтті.

Аталған пилоттық жобаның жүзеге асырылуы осындай балалардың шеңберін анықтауға және уәкілетті органдардың жеке профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағыттауға мүмкіндік береді. 

Тек 2023 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болған 69 қылмыс жасалды.

Әрбір осындай бала толық оңалтуға дейін ерекше қолдау мен есепке алуды қажет етеді.

Алайда бүгінге кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтуға бірде-бір орган жауапты емес, тек бірінші тәулікте ғана шара қолданумен шектеледі.

Сондықтан облыс прокуратурасы дер кезінде ден қою шараларын қабылдауға және барлығымен мақсатты жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Салауатты болашақ» жобасын ұсынып отыр.

«Облыс прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңесте қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қорғау Алгоритмі қабылданды».

Алгоритмнің қабылдануы балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілерге жедел ден қою қажеттілігімен байланысты.

Алгоритм арнайы комиссияның баланың тұрғылықты жеріне баруын және бірлескен шешіммен қауіп төндіретін факторлар анықталған жағдайда, оны уақытша Әлеуметтік және арнайы қызметтер орталығына орналастыруды қарастырады.

Бұл балаларды қорғау шараларының жеделдігі мен тиімділігін арттырады. 

Жамбыл облысының прокуратурасы