Жамбыл облысының прокурорлары аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен қызметтік жалғандық жасау фактісін анықтады.

Жамбыл облысының прокурорлары аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен қызметтік жалғандық жасау фактісін анықтады.

Байзақ ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 га жер учаскелерін беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактілерін анықтады.

Сонымен бірге конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 га астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Қалғандары бойынша жұмыс жалғастырылуда. 

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы