Жамбыл облысы прокуратурасының актілері бойынша уәкілетті органдар суармалы су тапшылығын төмендету жөнінде шаралар қабылдады

Жамбыл облысы прокуратурасының актілері бойынша уәкілетті органдар суармалы су тапшылығын төмендету жөнінде шаралар қабылдады

Ағымдағы жылдың шілде айында облыс прокуратурасының алқа мәжілісінде облыстың су шаруашылығы жүйесін дамытуға бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мәселелері қаралды.

Тексеру нәтижелері су шығынының жоғары деңгейін, гидроқұрылыстардың тозуын, объектілерді жөндеуге қаражаттың тиімсіз жұмсалуын, сондай-ақ суды үнемдеудің ескірген және тиімсіз технологияларын қолдануды көрсетті.

Бұзушылықтарды жою үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне және облыс әкімдігіне қадағалау актілерін енгізді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар лауазымды тұлғалары жағдайды түзету бойынша шаралар қабылдаумен жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, трансшекаралық сумен жабдықтау мәселелері бойынша бейінді министрлікке суару арналары мен гидротехникалық құрылыстарды ауқымды қайта құру жөніндегі Кешенді жоспар жолданды.

Жоспар шеңберінде өңірде 2025 жылға дейін көлемі 46,2 млн текше метр су болатын 13 су қоймасы салынады, қазіргі уақытта 3 су айдынының құрылысы басталды.

Сумен жабдықтаудың 13 объектісі бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, осы жұмыстарды жүргізу үшін алдағы жылға Жол картасын бекітумен 1,1 млрд теңге бөлінді.

Су тапшылығы бар аудандарда жер асты суларын белсенді пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қабылданып жатқан шаралар кешені вегетациялық кезеңде суармалы суға тәуелділікті трансшекаралық су көздерінен 50% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жарияланған төтенше жағдай нәтижесінде келтірілген залал туралы мәліметтерді қалыптастырудың заңдылығын талдаумен негізсіз шығыстардың алдын алумен 890 млн теңге мөлшерінде Үкіметтің резервіне қайтарылды.

Облысты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының бақылауында қалады.

           

Жамбыл облысының прокуратурасы