
Облыс прокуроры Н. Әбдіровтің сөздерінен:
«Жамбыл облысының прокуроры шетелдік автокөлік құралдарының иелерінен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімсіздігін атап өтті».
Прокурорлық тексеру нәтижелері 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыс аумағында анықталмаған шетелдік автокөлік құралдарымен жасалған 56 945 құқық бұзушылықтар бойынша мемлекет бюджетіне 1,4 млрд астам теңге өндірілмегенін көрсетті.
Осы материалдар бұзушы бойынша мәліметтер анықталмауына байланысты тоқтатылып, айыппұлдар өндірілмей, ол құқық бұзушылар көзделген жауаптылыққа тартылмаған.
Осыған байланысты облыс прокуратурасы мемлекеттік шекарада осындай автокөлік иелерін анықтау мақсатында тиісті бақылауды жүзеге асыру және уақтылы шаралар қабылдау үшін «ЕРАП» және «Бүркіт» жүйелерін біріктіруді ұсынды.
«Жамбыл облысының прокуратурасы «АвтоУраган-МС» мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады».
2022-2023 жылдар кезеңінде облыстық Полиция департаменті 15 мобильді кешенін сатып алды.
Бұл кешен жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 түрін анықтау үшін аумақтағы көлік құралдарын автоматты түрде фотобейнефиксациялауды жүргізуі тиіс.
Алайда іс жүзінде көрсетілген кешен облыс аумағында бұзушылықтың тек 1 түрін (жылдамдықты асыруы) тіркейді.
Кешеннің толыққанды жұмыс істеуі үшін жол белгілерінің әрекет ету аймақтарын көрсететін электрондық карта қажет.
Бұл кемшіліктер құқық бұзушылықтың алдын алу және облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға да кері әсерін тигізеді.
Облыс прокуратурасы тиісті шара қолдану қажеттілігі туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.