
Сарысу ауданында ірі химиялық кәсіпорындардың орналасуын ескеріп, прокурорлар Жаңатас қаласының даму жоспарының заңдылығына талдау жүргізілді.
2018 жылы қала дамуының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕЖЖ) жеке тұрғын үй құрылысына арналған 61 жер учаскесін беру бойынша өзгертулер енгізілгені анықталды.
ЕЖЖ әзірлеу барысында санитария, төтенше жағдай және экология саласындағы уәкілетті органдардың келісімі алынбағаны анықталды.
Нәтижесінде осы учаскелер мұнай өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағына кіріп кеткен.
Прокурорлардың алаңдаушылығы санитарлық- эпидемиологиялық органдардың зерттеуімен өз дәлелін тауып, учаскелердің ласталған ауаның аумағында орналасқаны расталды.
Осылайша, прокуратураның қадағалау актісі негізінде азаматтардың құқықтары мен денсаулығын қорғау мақсатында аудандық мәслихаттың 08.11.2023 жылғы шешімімен Жаңатас қаласының ЕЖЖ-ға енгізілген өзгерістер бұзылып, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган басқа жер учаскелерін беруге бағытталды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Жамбыл облысының прокуратурасы