Жамбыл облысында балалардың жаппай улану жайты бойынша

Жамбыл облысында балалардың жаппай улану жайты бойынша

07.11.2023 жылы Сарыкемер ауылының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінді.

Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды (33 оқушы және 2 мұғалім).

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындады.

Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөлімімен  ҚК-тің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) СДТБТ-ге тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы