Прокуратураның үйлестіруімен Т. Рысқұлов ауданының шаруаларына 2 мың гектардан астам жер қайтарылды

Прокуратураның үйлестіруімен Т. Рысқұлов ауданының шаруаларына 2 мың гектардан астам жер қайтарылды

Бірнеше жыл бойы жерлері «Атлах» ЖШС меншігінде болған 24 үлескердің құқығы қалпына келтірілді.

2018 жылы Жамбыл облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұйрығымен бірлескен қызмет туралы шартты орындамағаны үшін «Қайыңды» ЖШС-ден «Атлах» ЖШС-нің пайдасына 21 млн теңгеден астам қарыз өндірілді.

«Қайыңды» ЖШС-де мұндай соманың болмағандықтан, 2020 жылы сот бұйрығын орындау тәсілі мен тәртібін өзгертті.

Сот өндіріп алушы «Атлах» ЖШС-не «Қайыңды» ЖШС меншігіндегі жер учаскелерін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану құқығын берді.

Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылындағы жер көлемі екі мың гектардан асты. 

Алайда бұл жерлер қабылданған сот актілерінен хабары жоқ шаруаларға тиесілі болған.

         Тек 2022 жылы шаруа қожалықтары сот шешімімен танысып, Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасына өз құқықтарын қорғау туралы өтінішпен жүгінген.

Аудан прокуратурасы туындаған мәселені зерделей отырып, жер телімдерін қайтару негіздерін анықтап, сотқа жүгіну бойынша құқықтық көмек берді. 

Нәтижесінде 2023 жылдың тамызында соттың шешіміне шағымдану процессуалдық мерзімдері қалпына келтірілді. 

2023 жылғы 5 қазанда Жамбыл облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы бұрын жер «Атлах» серіктестігіне өткен сот ұйғарымдарының күшін жойды.

Осылайша, акционерлердің бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы