
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде облыс прокуратурасы өңірдің инвестициялық ахуалының жай-күйін тұрақты негізде талдауда.
Прокуратура органдарының маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офисінің жұмысы уәкілетті органдардың назарынан тыс қалған жекелеген проблемаларды анықтады.
Мысалы, Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағын бұза отырып, «Jeti bulaq» ЖШС (эмульсия битумын өндіру) және «Асқар-Тау НС» ЖШС (асфальт-бетон қоспасын өндіру) индустриялық аймағының кәсіпорындарына апаратын жолдың жабылуына (шлагбаумдарды орнату арқылы) жол берілген.
Прокуратура актісі бойынша жер учаскесіндегі инвесторлардың кәсіпорындарына еркін кіруге кедергі келтірген объектілер алынды.
Нәтижесінде аталған инвесторлар өз жүктерін еркін тасымалдау мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар әкімдік Жер кодексінің 37-бабының талаптарын бұза отырып, «Qazaq Soda» ЖШС-ның (Yildirim Holding – сода өндіруші) жер пайдалану құқығын ұзартпағаны анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін жер пайдалану құқығы ұзартылды, бұл «Ақкөл» көлінен су құбырының кедергісіз құрылысын жалғастыруға мүмкіндік берді (прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер пайдалану құқығы 3 жылға берілді).
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.
Проблемалық мәселелер туындаған жағдайда инвесторлар инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың +77758912552 телефоны немесе Жамбыл облысы прокуратурасының Фронт-офисіне (Тараз қ., М.Х. Дулати к-сі,23) жүгіне алады.
Жамбыл облысының прокуратурасы