Жамбыл облысында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы құрылды

Жамбыл облысында мамандандырылған табиғат  қорғау прокуратурасы құрылды

 

Экологиялық жағдай, ресурстарды ұтымды пайдалану, Жамбыл облысының табиғи игілігін сақтау мәселелері прокурорлық қадағалауды күшейтуді талап етеді.

Облыста 5 мыңнан астам табиғат пайдаланушы тіркелген, флорасы мен фаунасы әртүрлі ерекше қорғалатын 10 табиғи аумақ орналасқан.

Бұл ретте, ұзақ уақыт бойы өз шешімін таппайтын бірқатар жүйелі экологиялық проблемалар бар, олардың ішінде: қоқыс сұрыптау зауытының болмауы, жер қойнауын пайдалану саласындағы олқылықтар, трансшекаралық сумен жабдықтау проблемалары сынды бірқатар өткір мәселелер бар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы құрылып, оның прокуроры болып Көбеев Дәурен Мерекеұлы тағайындалды.

Д.М. Көбеев 1980 жылғы 3 наурызда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.

Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі болған.

2018-2020 жылдары Тараз қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың шілдесінен бастап Жамбыл облысының прокуратурасының Қоғамның мүддесін қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мекенжайы: 15 а үй, Қарасу ықшам ауданы, Тараз қаласы.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы