Есірткіге қарсы күрес іс-шарасының нәтижесі!

Есірткіге қарсы күрес іс-шарасының нәтижесі!

«Есірткіге қарсы күрес» жобасының аясында жүргізілген ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен Жамбыл облысы прокуратурасының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде аса ірі мөлшердегі, яғни 34 кг. 123 гр. «мефедрон» синтетикалық есірткі затын сату мақсатында заңсыз дайындап, сақтаған 5 адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленді. Қылмыстық топ 2-3 айдың көлемінде Байзақ ауданының аумағында жасанды лабораториялық цехта синтетикалық есірткі затын дайындап, кейіннен тасымалдау жолымен Республиканың өзге қалаларына өткізу мақсатында жұмыс жасаған. Қылмыскерлер, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда жоғары деңгейдегі сақтық шараларын қолданып, Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерде іс-қимылдарын алдын ала жоспарлап, есірткіні дайындауға арналған мекен-жайды бейнебақылау арқылы қашықтықтан бақылап отырған. Департаменттің қызметкерлері қылмыстық топты есірткіні дайындау сәтінде ұстап, прокуратураның қолдауымен күдіктілердің барлығы сотпен қамауға алынды. Құқық бұзушылардың әрекеттері ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтарымен сараланып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіілуде. Аталған синтетикалық есірткі заты тәуелділік тудыратын әр-түрлі химиялық қоспаларды қолдану арқылы дайындалады, адам өміріне аса қауіпті. Бұл орайда, «Нашақорлық» дерті еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі екенін назарларыңызға сала отырып, есірткінің заңсыз айналымымен байланысты кез-келген құқыққа қайшы жаттар мәлім болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарға хабарлауды сұраймыз. Жамбыл облысының прокуратурасы