Ағымдағы жылы Байзақ ауданының прокуратурасымен Байзақ ауданы, Қостөбе ауылының маңында құрылыспен айналысатын ЖШС-мен тиісті рұқсатсыз заңсыз ағаш кесу дерегі анықталды.
Мамандардың корытындысына сәйкес, мемлекетке 2 450 000 теңге көлемінде залал келтірілген.
Аталған дерек аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігімен «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі