Жол көлік оқиғасы орын алды

Жол көлік оқиғасы орын алды

21 маусым 2022 жылы сағат 00:10 шамасында Т.Рысқұлов ауданына қарасты «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының 389 шақырымында Алматы бағытына бара жатқан жолаушыларды тасмалдау автокөлігімен жол-көлік оқиғасы орын алған.
Оқиға салдарынан 2 жолаушы қайтыс болған, 16 адамдар әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық істің тергелу барысы Жамбыл облысы прокуратурасының қатаң бақылауында.


Жамбыл облысының прокуратурасы