Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау

Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында 2021 жылғы 30 қарашада, облыстық полиция Департаменті, әкімдік қызметкерлерінің және қалааудан прокурорларының қатысуларымен, кәмелетке толмағандарға, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі бойынша ведомствоаралық мәжіліс өткізілді.

Облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы 2020 жылдың желтоқсанында құрылған Консультативтік кеңес құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралатын және балаларды тәрбиелеумен байланысты жүйелі проблемалардың шешімін табатын әмбебап алаң болып табылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта осы санаттағы қылмыстардың төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Кешенді жоспар шеңберінде жоғары оқу орындарының ғалымдарын тарта отырып, педагогикалық қызметкерлер мен полицияға арналған әдістемелік жинақтар дайындалды, бұл құралды  олар күнделікті жұмыста пайдаланады.

БКБ құралдары арқылы жоғары сынып оқушылары арасында факультативтік сабақтар өткізілді, білім беру ұйымдары мен полиция арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Сондай-ақ, қатысушылар жасөспірімдер қылмысының өзекті мәселелерін талқылады, олар жоғары оқу орындарының заңгерлік және педагогикалық мамандықтарындағы студенттерден жоғары сынып оқушылары үшін тәлімгерлер ұйымдастыруды ұсынды.

Жамбыл облысының прокуратурасы