Салық заңнамасы саласында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

Салық заңнамасы саласында      кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

2021 жылғы 25 қазанда облыс прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында Мемлекеттік кірістер департаменті, оның аумақтық бөлімшелері, «Атамекен» ӨКП басшылығының, сондай-ақ аудан прокурорлары мен бизнес субъектілерінің қатысуымен бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында салық заңнамасы саласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысының прокуратура органдары осы салада 500-ден астам кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Бизнес субъектілері құқықтарының бұзылуы әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық бұйрықтарын шығару, тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде анықталды.

Жиналыс барысында Жамбыл және Меркі аудандарының кәсіпкерлері прокурорлардың жұмысына оң баға беріп, алғыстарын білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша оларды жою бойынша ұсынымдар әзірленді.

Кәсіпкерлердің сигналдары, өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау және заңдылықты қамтамасыз ету үшін облыс прокуратурасының жанында Мобильдік топтар жұмыс істейді, онда кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мақсатында жүгіне алады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы