Браконьерлікке қарсы іс-қимыл

Браконьерлікке қарсы іс-қимыл

2021 жылғы 21 қазанда құқықтық мониторинг орталығының алаңында Жамбыл облысы прокуратурасы бастамасымен браконьерлікпен, балық аулаумен, сексеуіл ағаштарын кесу және осы қызметті бизнеске айналдыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында табиғатқа келтірілген залалдың ауқымы және оларды өтеу бойынша қабылданған шаралар бағаланды.

Бірлескен іс-шаралар жоспары мен облыстың уәкілетті органдарының 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл алгоритмін қарау нәтижелері бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (айына кемінде бір рет) және арнайы бөлімшелерді техникалық жарақтандыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қарастыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы