Криминологиялық зертхана таныстырылымы

Криминологиялық зертхана  таныстырылымы

2021 жылғы 20 қыркүйекте Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында (бұдан әрі - ҚМО) «Криминологиялық зертхана» мекемеаралық жұмыс тобының таныстырылымы өтті.

Жиналысқа құқық қорғау органдарының басшылары, әкімдік пен өңірлік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Таныстырылым алдында облыс бойынша ҚСжАЕАБ өкілдерімен қатысушыларға онлайн режимде Бас прокуратураның ақпараттық жүйелерінің («Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Апаттылық картасы» және басқалары) мүмкіндіктері көрсетілді, олар зертхана жұмысында пайдаланылатын болады. 

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров атап өткендей, «Криминологиялық зертхана» құрудың мақсаты қылмыстың себептері мен жағдайларын анықтау, оларды болжау, алдын алу және озық технологиялар мен ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып, жол бермеу.

Зертхана жұмысы екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қылмыстың белгілі бір түріне қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын әзірлеу және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. 

Сондай-ақ, ҚМО алаңында халықпен тиісті қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін «Заң тілімен» ақпараттық студиясы іске қосылды, онда өзекті проблемалық мәселелер жарияланады. 

Кездесу қорытындысы бойынша криминогендік жағдайды ескере отырып, құрылған зертхана шеңберінде кезең-кезеңімен орындалуға жататын міндеттер спектрі айқындалды.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы