Облыс жолдарында заңдылықты қамтамасыз ету

Облыс жолдарында заңдылықты қамтамасыз ету

2021 жылдың 8 маусымында облыс прокуратурасы жол-көлік оқиғалары профилактикасының тиімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Облыс прокуроры Н.М. Әбдіров облыста ЖКО-ның алдын алу бойынша өңірлік бағдарламаның қабылдануына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзу және жолдарда жарақат алу жағдайы нашарлағанын атап өтті.

ЖКО өсімі 5 айдың қорытындысы бойынша 21%-ға (283-тен 344-ке), жарақат алғандар 21,3%-ға (28-ден 40-қа), онда қайтыс болған адамдар 43%-ға (28-ден 40-қа) артты.

Т.Рысқұлов, Қордай және Байзақ аудандарында айтарлықтай өсуге жол берілген.

Адамдардың қаза болуымен, көлікті басқаруға құқығы жоқ тұлғалармен, мас күйінде басқарғандармен, сондай-ақ бұрын бірнеше рет құқық бұзушылық орбитасына түскен жүргізушілермен ЖКО жиі тіркелуде.

Полиция департаментіне Республикалық маңызы бар автожолдардағы ЖКО-ның айтарлықтай өсуі (54-тен 69-ға дейін немесе 28%, қаза тапқандар саны 3 есеге, 6-дан 19-ға дейін) және жол саласындағы жекелеген құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстың төмендегені көрсетілді.

Сондай-ақ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Қазавтожол» АҚ филиалы басшылығының автожолдардың жай-күйі мен жарақтандырылуы мәселелері бойынша есептері тыңдалды.

Нәтижесінде екі және одан да көп адамның қатысуымен ЖКО себептері мен жағдайларын зерделеу және жою, облыстық және Республикалық маңызы бар жолдардың аса қауіпті учаскелерінде қосымша бейне жабдықтау және патрульдеуді күшейту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу шешілді.