ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ  КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылғы 06 сәуірде Құқықтық мониторинг орталығында облыс прокуратурасы жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды.

2020 жылғы желтоқсанда Консультативтік кеңеспен прокуратура органдарының, ювеналды полиция мен білім беру мекемелерінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзара іс-қимылының Кешенді жоспары әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді.

Ағымдағы жылы Кешенді жоспар аясында «Балалардың құқықтарын қорғаймыз!» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды, Тараз қаласының 36 мобильді тобы мен 60 мектеп директорының есептері тыңдалды, жоғары сынып оқушылары арасында 877 факультативтік сабақтар онлайн режимінде өткізілді, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен ювеналды полиция қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың, полиция органдарының және білім беру мекемелерінің кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларына қатысты деректер базасын біріктіруді қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру бойынша проблемалық мәселелер, сондай-ақ қиын балаларды мектепішілік есепке алудың және оларды есепке қоюдың бірыңғай қағидаларының болмауы айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарға жол бермеу бойынша пәрменді ұйымдастыру шараларын қабылдау туралы шешім қабылданды.

 

        Жамбыл облысының прокуратурасы