Облыс жолдарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша

Облыс жолдарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша

2021 жылғы 31 наурызда облыс прокуратурасында облыс әкімдігі мен полиция департаменті, сондай-ақ жол пайдалану ұйымдары басшыларының қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.

Жамбыл облысы республикада көшбасшылар қатарында тұрған жол-көлік оқиғаларының салдарынан жолдарда жарақаттану мен өлім-жітімнің өсу мәселелері талқыланды.

Бұған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің немқұрайлылығы, жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, уәкілетті органдар тарапынан профилактикалық жұмыстардың әлсіздігі ықпал етеді.

2020 жылы талдаумен облыстың автожолдарында 12 мыңнан астам ақаулар анықталып, олар бойынша сапасыз қызмет көрсеткені үшін 165 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, алқа отырысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және осы санаттағы істерді тергеу сапасы мәселелері қаралды.

Жүргізуші куәлігін алғанға дейін азаматтарды теориялық және практикалық жүргізу дағдыларына оқытудың тиімділігі мәселесі қозғалды.

Жергілікті атқарушы органдарға облыс орталығы мен аудандарды құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жаңа техникалық құралдармен жабдықтау ұсынылды.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ уәкілетті органдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырмалар берілді.


Жамбыл облысы прокуратурасы