Жергілікті жерлердегі электрондық қылмыстық істердің тергелу процесі

Жергілікті жерлердегі электрондық қылмыстық істердің тергелу процесі

Жергілікті жерлердегі электрондық қылмыстық істердің тергелу процесі

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанда  2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін пайдалану бойынша қылмыстық саланы жаңғырту туралы тапсырмасын іске асыру және орындау мақсатында облыс прокуроры Н.М. Әбдіров аудандарға шығуды тұрақты түрде жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында облыс прокуроры  Нұрғалым Әбдіров полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовпен бірге Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне болды.

Қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделін талқылау кезінде қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу барысына және негізгі шешімдерді келісуге ерекше назар аударылды.

Тергеушілердің техникалық жабдықталуы мен практикалық дағдыларына оң баға берілді.

Облыс прокуроры Мемлекет басшысының қылмыстық процесті цифрландыру жөніндегі міндеттерін іске асыру бұзушылықтарды ерте сатыда анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретінін, сол арқылы азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша аудан прокурорына және полиция бөлімінің басшылығына тиісті тапсырмалар берілді.