2021 жылдың 19 ақпан күні ҚР «Медиация туралы» Заңын кеңінен қолдану мәселесі және осы Заңды түсіндіру жұмыстары бойынша тұрғындар және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі.

2021 жылдың 19 ақпан күні ҚР «Медиация туралы» Заңын кеңінен қолдану мәселесі және осы Заңды түсіндіру жұмыстары бойынша тұрғындар және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі.

Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығы алаңында (Қойгелді көшесі, 190 мекен-жайы бойынша) 2021 жылдың 19 ақпан күні (сағат 10:00 де) ҚР «Медиация туралы» Заңын кеңінен қолдану мәселесі және осы Заңды түсіндіру жұмыстары бойынша тұрғындар және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіледі.

Короновирус індетіне байланысты карантиндік шектеулерді сақтай отырып, Құқықтық мониторинг орталығында азаматтарды облыс прокуратурасы, адвокаттар, медиаторлар, ішкі істер органдарының жауапты қызметкерлері қабылдайды.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты: азаматтардың құқығын қорғауда, жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды медиация тәртібімен мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан оңтайлы шешу болып табылады.

 

Жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары:

М.Б.Теміржанов 8-7056187462; С.Маратұлы 8-7017011001, жұм.тел: 8(7262) 45-15-01.