Құқықтық мониторинг орталығы алаңында 2021 жылғы 10-12 ақпан аралығында «Бала құқығын қорғайық!» атты ашық есік күндері өтті.

Құқықтық мониторинг орталығы алаңында 2021 жылғы 10-12 ақпан аралығында «Бала құқығын қорғайық!» атты  ашық есік күндері өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстардың Кешенді іс жоспары аясында Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығы алаңында 2021 жылғы 10-12 ақпан аралығында «Бала құқығын қорғайық!» атты  ашық есік күндері өтті.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан шешуді талап ететін білім беру саласындағы заңдылықтың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жай-күйіне әсер ететін өзекті және жүйелі проблемаларды анықтау болып табылады.

Карантиндік шараларды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды облыс прокуратурасының, білім басқармасының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері, ювеналды полиция инспекторлары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жүзеге асырды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде сұрақтар қою мүмкіндігімен іс-шаралардың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде балаларды тәрбиелеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алименттер төлеу, оқулықтардың мазмұны, балалардың құжаттарын ресімдеудегі қиындықтар және басқа да мәселелер бойынша 100-ге жуық азаматтар қабылданды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары облыс прокуратурасының осы іс-шараны ұйымдастыруы бойынша өз тілектерін, оң пікірлерін білдірді.

Барлық келіп түскен сұрақтар бағыттар бойынша топтастырылып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына оларды заңда белгіленген мерзімде қарау нәтижесімен өтініш иелеріне жауап беру тапсырылды.