Кәмелетке толмағандар мен студент жастар арасында құқық бұзышылықтың алдын алу

Кәмелетке толмағандар мен студент жастар арасында  құқық бұзышылықтың алдын алу

2020 жылғы 25 қарашада Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында (ҚМО) мектеп, колледж және ЖОО оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі форумның жұмысы басталды.

Үш күндік онлайн форум отырысын аша отырып, облыс прокуроры Н.М.Әбдіров жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселесі әрбір уәкілетті органның өзара іс-қимылын ұйымдастыруды және жұмысын күшейтуді талап ететін қадағалау қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Жылқыбаев, полиция департаментінің бастығы Ж.Қ.Сүлейменов, жоғары оқу орындарының ректорлары және орта-арнайы оқу орындарының директорлары, ғылыми сала өкілдері қатысты, олармен білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың жобалары талқылауға ұсынылды.

Жүйелі проблемаларды және оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында Форум үш бағытта жұмыс істейді: психологтар мен әлеуметтік педагогтардың, ювеналды полиция қызметкерлерінің және ата-аналар комитеті өкілдерінің жұмысы.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданады деп күтілуде, онда отбасының тәрбиелік рөлін күшейтуге баса назар аудара отырып, уәкілетті органдар тарапынан алдын алу жұмыстары мен құқықтық тәрбиенің нысаналы өлшемдері көзделетін болады.