2020 жылғы 24 қарашада Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында сотталған тұлғаларға жазаны орындау тәртібін түсіндіру және оларды толғандыратын мәселелерді шешу бойынша онлайн-қабылдау жүргізілді.
Қабылдауда облыстық қылмыстық-атқару департаментінің, қалалық әкімдіктің, Жұмыспен қамту орталығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Сотталғандарға және олардың жақындарына жазаны орындаудың тәртібі мен әлеуметтік-құқықтық көмек алу мүмкіндіктері түсіндірілді.