Invest Caravan: Жамбыл облысының прокуроры Байзақ ауданындағы инвестициялық жобаларды аралады

Invest Caravan: Жамбыл облысының прокуроры Байзақ ауданындағы инвестициялық жобаларды аралады

Invest Caravan республикалық акциясы аясында Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, туризм және қызанақ өнімдерін өндіру салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты, сондай-ақ инвесторлармен кездесті.

Кездесу барысында жобаларды іске асыру мәселелері, құрылыс қарқыны, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілер талқыланды.

Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды тұрақты түрде сүйемелдеп, туындайтын мәселелерді жедел шешу бойынша қажетті шараларды қабылдап келеді. Бұған дейін прокурорлық қадағалау актілері негізінде Байзақ ауданындағы екі инвестордың инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жер қатынастарына байланысты мәселелері шешімін тапқан болатын.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Мұхиев» жеке кәсіпкер нысанды электр энергиясына қосу және жол инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелерді көтерді. Аталған мәселелер бойынша прокуратура уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс прокуроры әрбір инвестициялық жоба прокуратура органдарының тұрақты бақылауында екенін және туындайтын әкімшілік кедергілер мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл арқылы барынша қысқа мерзімде жойылатынын атап өтті.

Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды 8 (775) 891-25-52 телефоны арқылы, сондай-ақ 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы