«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы

Жамбыл облысы прокуратурасы жанындағы құқықтық мониторинг орталығы алаңында 23 қараша 2020 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңына түсіндіру тақырыбында жұмыс отырысы өткізілді.

Іс-шара облыстық соттың судьяларын, полция қызметкерлерін, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларын шақыру арқылы өткізілді.       Заңның қолданылуы енгізілген сәттен бастап Жамбыл облысы соттарымен сотталушылардан Жәбірленушілер өтемақы қорына 2019 жылдан бастап 116 млн. теңге өндірілген. Бүгінгі таңда  қордан жәбірленушілерге 1 527 900 теңге төленген. 

Халыққа тікелей эфирде FACEBOOK әлеуметтік желісі арқылы жәбірленушілердің құқықтарын қорғау механизімі, өтемақы төлеудің негізгі қағидаттары, тағайындау және төлеу тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді.