Қоғамды алаяқтардан қалай қорғауға болады

Қоғамды алаяқтардан қалай қорғауға болады

2020 жылғы 20 қарашада Жамбыл облысы прокуратурасының Құқықтық мониторинг орталығында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.

Кездесуге алаяқтықпен күреске маманданған, оның ішінде интернет технологияларды меңгерген полиция қызметкерлері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты. 

Халыққа алаяқтықтың кең таралған тәсілдері жеткізіліп, қылмыскерлердің мінез-құлқына тән схемалар ашып көрсетілді.

Мамандар азаматтардың, әсіресе интернет желісі мен банк карточкаларын пайдаланушылардың сақтығын арттыру туралы атап өтті.

Қойылған сұрақтар бойынша азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді.