Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған 70-ке жуық адам «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Таразда пробация қызметінің есебінде тұрған 70-ке жуық адам «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Жамбыл облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді.

Іс-шара Тараз қаласындағы №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағында ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда аталған орталықта 130 қарт азамат пен мүгедектігі бар адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Акцияға пробация қызметінің есебінде тұрған 70-ке жуық адам қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, орталық ұжымы және коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылды.

Акция барысында мекеме аумағы мен оған іргелес аумақта санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Өз кезегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар көрсетілген көмек пен қамқорлық үшін акцияға қатысушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

Экологиялық акцияны өткізудің мақсаты – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту және қоғамға табысты бейімделуіне ықпал ету.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы