INVEST CARAVAN: Жамбыл облысының прокуроры инвесторлармен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

INVEST CARAVAN: Жамбыл облысының прокуроры инвесторлармен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

INVEST CARAVAN акциясы аясында Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлармен кездесті.

Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ жер, салық және кеден заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әкімшілік кедергілерді жоюға және қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатында бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлерге «Мобильді прокурор» қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылып, оның көмегімен кәсіпкерлер өз құқықтарының бұзылуы, кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілер туралы жедел хабарлай алатыны түсіндірілді.

Кездесу барысында сөз сөйлеген Жандос Әбдібаев прокуратура органдары инвестициялық жобаларды жүйелі түрде сүйемелдеуді жалғастырып, инвесторлардың құқықтарын қорғауды және заңмен берілген өкілеттіктер шегінде туындайтын мәселелерге жедел ден қоюды қамтамасыз ететінін атап өтті.

INVEST CARAVAN акциясы инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңы болып қала береді. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді уақытылы жоюға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе өз құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды 8 (775) 891-25-52 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы