Меркі ауданының прокуратурасымен аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізілген.
Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.
Атап айтқанда, бөлім Мынқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.
Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.
Жамбыл облысының прокуратурасы