Меркі ауданы прокуратурасымен №9 колледж қызметінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізілген.
Талдау нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 кәмелетке толмаған балаға әлеуметтік жәрдемақылардың тиісті түрде төленбегені, сондай-ақ оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру мекемелері мен лагерьлерге тегін жолдамалармен қамтамасыз ету мәселесінің қаралмағаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде оқушыларға тиесілі әлеуметтік жәрдемақылар төленді.
Сонымен қатар, оларды еңбек лагерлеріне және санаторий-курорттық мекемелерге жолдамалармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы