Жамбыл облысының прокурорлары инвестордың құқығын қалпына келтірді

Жамбыл облысының прокурорлары инвестордың құқығын қалпына келтірді

Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, «Koksai Resort» этно-туристік демалыс аймағын іске асырып жатқан инвестордың құқығын қалпына келтірді.

Анықталғандай, 2024 жылы инвестор нысанды газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.

Алайда бұл өтініш ұзақ уақыт қараусыз қалған.

Аудандық әкімдік қаржыландырудың жоқтығын алға тартып, инфрақұрылымдық жобаны бірнеше рет кері қайтарған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде әкімшілік кедергілер жойылды. Инвестор Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды.

Сондай-ақ нысанды газбен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлуге қатысты бюджет өтінім Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда инвестордың құқығы толық қалпына келтірілді.

«Koksai Resort» жобасын іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, салық түсімдерін арттыруға және өңірдегі туристік кластердің дамуына елеулі серпін беруге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 775 891 25 52 нөмірі арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы